Сапарбаев жиналыста ұйықтап қалған шенеуніктерді суретке түсірген тілшілерді сотқа беруді талап етті

Жиналыста ұйықтағандар емес, оларды суретке түсіргендер кінәлі! Ақтөбе облысының әкімі журналистерді жазалауды талап етті. Ол үшін Бердібек Сапарбаев шенеуніктерге тілшілерді сотқа беруге кеңес берген. Яғни аймақ басшысы жиналыста қалғып отыратын қарамағындағыларға емес, олардың қылығын жұртқа жариялағандарға өкпелеп отыр, хабарлайды ktk.kz.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

-Анау жиналысқа қатысқан жігіт подает в суд и защищает свою честь. А почему мы не должны защищать свою честь, как областной акимат?! Пусть докажет эта газета, что проходят там скучно, вяло. Где это было?! Ну, наконец, будете работать или нет, слушай?! Бірдеңе айтсам вот жұма күні жинайын деп жатырмыз дейсіңдер.

Жақында ғана әкімдікте өткен жиналыста қатысушыларды жаппай ұйқы қысқан. Оны жергілікті журналистер суретке түсіріп, газетке басып шығарыпты. Бердібек Сапарбаевтың баяндамасын ұйып тыңдаудың орнына, ұйықтап тыңдағандардың әрекеті әлеуметтік желіде де сөз болды. Бұған дейін тіпті қала басшысы Ілияс Испановтың өзі жиналыста ұйықтап кетіп, күлкіге қалған еді. Бірақ ол мұнысын осы күнге дейін мойындаған жоқ.     

Автор: Жаңалық Ахаш

 

0     
0