Мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік куәлігі (ксива) алынатын болды

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік куәлігі ID-картаға ауыстырылады. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің 2017 жылғы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Алик Шпекбаев "Цифрлық агенттік" бағдарламасына тоқталды. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік куәлігі енді заманауи ID-карталарға ауыстырылады. 

"Біздің алғашқы қадамымыз өз мақсатына сай қолданылмайтын және ескінің қалдығы саналатын «корочкалардан» бас тарту болады. Енді олар бірнеше функцияны қамтитын заманауи ID-карталарға ауыстырылады", — деді Шпекбаев. 

Оның айтуынша, аталған ұсыныс ведомствоға баяғыда түскенін, алайда кейінге қалдырылып келгенін айтты. 

"Қазір біз бұл бейдждерге ауыса аламыз деп санаймын. Көбіңіз шетелде шығасыздар, онда ешқандай куәлік қажет емес. Тиісінше, егер куәлік бағасына қарасаңыз – үш мың, ал мынау бейдж небәрі 500 теңге ғана тұрады. Ақша үнемдеуге болады", — деді агенттік басшысы. 

ID-карта пилотты режимде алдымен агенттік ішінде қолданысқа енгізіліп, кейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда тарайды.




0     
0